Қарағанды облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

404

Өңірлік полиция департаменті жүргізушілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.  

Қарағанды облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында ауа райының күрт өзгеруі салдарынан соңы қайғылы жағдаймен аяқталған екі жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ақпанның 21-інен 22-іне қараған күні ауа райының күрт өзгеріп, қатты жел соғуынан және жолдағы көктайғақ салдарынан Қарағанды облысында қайғылы жағдаймен аяқталған екі жол-көлік оқиғасы тіркелді.

"Мәселен, 21 ақпанда сағат 8:45-те Қызылорда – Павлодар тасжолында Абай қаласынан 5 шақырым жерде Nissan Note және ПАЗ 320530-02 автобусының қатысуымен жол апаты болды. Соның салдарынан Nissan Note автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі алған дене жарақатынан көз жұмды. Автобуста зардап шеккендер болған жоқ", - делінен хабарламада.

Сондай-ақ сол күні кешкі сағат 20:50-де Алматы – Екатеринбург тасжолында Қарағанды қаласынан 25 шақырым жерде тағы бір қайғылы жол апаты болды.

"32 жастағы Toyota Corolla автокөлігінің жүргізушісі көліктің басқаруына ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып, 38 жастағы азаматтың басқаруындағы Volkswagen Passat автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Toyota Corolla автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапса, Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді”, - делінген хабарламада.

Екі дерек те полицияда тіркеліп, сараптамалар тағайындалды.

"Қала ішінде өткен тәулікте жол жүру ережелерін сақтамау, жылдамдықты шектен тыс асыру салдарынан 24 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қарағанды облысы полиция департаменті көлік жүргізушілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауға шақырады. Жаяу жүргіншілерге жол өткелдерінен өткенде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды естеріңізге салады", - дейді ПД өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу