Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам мерт болды

642

Оның бірі 10 жастағы жасөспірім.

Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам мерт болды

Соңғы екі тәулікте Қарағанды облысында мотоциклмен жол апатына түскен 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қарағанды-Абай" автожолында Ақтас кентінен шыға берер жолда KAWASAKI Ex500d мотоциклінің 36 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы BMW көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан мотоцикл жүргізушісі мерт болды.

Сондай-ақ, 6 мамырда Шахтинск қаласында Volkswagen Golf автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі RACER мотоциклімен бетпе-бет соқтығысқан. Апаттан мотоцикл жүргізушісі мен оның 10 жасар жолаушысы да көз жұмған.

Екі дерек бойынша тиісті сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу