Қарағанды облысының Осакаров ауданында екі автомобиль соқтығысып, 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы жағдай Қарағанды – Молодежный автожолында орын алған.
"Hyundai Tucson автомобилінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарама-қарсы көлік бағытына шығып кеткен, осылайша қарсы келген Lada-мен соқтығысты, оның рөлінде 45 жасар өңір тұрғыны болды. Жол апатынан Lada көлігіндегі 3 жолаушы мен жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Hyundai Tucson жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілген", – дейді баспасөз қызметінен.
Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу