Қарағанды облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

1398

Қайғылы оқиға 22 наурызда болған.         

Қарағанды облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

Жезқазған мен Сәтбаев қалалары арасындағы тасжолда жол апаты болып, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 наурызда түнгі сағат 00.30-да 31 жастағы "ВАЗ" жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, тасжолдағы қоршаудың кронштейніне соғылған.

"Көлік жүргізушісі мен 4 жолаушы алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды", - деп жазылды хабарламада.

Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптама тағайындалды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу