Қарағанды облысында жол апатынан алты адам көз жұмды

819

Ал екі жолаушы ауруханаға жеткізілген.

Қарағанды облысында жол апатынан алты адам көз жұмды

Қарағанды облысында екі жеңіл автокөлік соқтығысып, 6 адам көз жұмды, екеуі ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтемемен Интерфакс-Қазақстан.

Қайғылы оқиға бүгін Бектау-ата ауылынан 10 шақырым қашықтықтағы "Қарағанды-Балқаш" автожолында орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, Lexus ES-300 көлігінің 30 жастағы жүргізушісі қарама-қарсы жолаққа шығып кетіп, Nissan Juke көлігіне соқтығысқан.

"Жол апатына кінәлі  жүргізуші мен көлікте болған 3 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар екінші көліктің жүргізушісі мен оның жанындағы адам қаза болды", - дейді ресми органнан.
Сондай-ақ Nissan Juke жеңіл көлігінде болған екі жолаушы ауруханаға жеткізілген.

Қазір орын алған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу