Қарағанды облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

255

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Қарағанды облысында жол апатынан бес адам қаза тапты Фото: Pixabay.com

Қарағанды облысында жол көлік оқиғасынан бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"3 мамыр күні Қарағанды-Балқаш тас жолында, Ақсу Аюлы кентіне жетпей "Рено" жүк көлігімен "Тойота" автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі және оның 4 жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды. Жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді", - делінген қалалық ПД хабарламасында.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері кезінде оқиғаның мән жайы және жол-көлік оқиғасына кінәлі анықталатын болады.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті жүргізушілерден, жылдамдықты шектен тыс асырмауды және жол жүру ережесін қатаң сақтауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу