Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

372

Тағы екі адам жарақат алды.  

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты Фото: polisia.kz

Қайғылы оқиға 25 қарашада сағат 08:50-де Қарағанды-Қарқаралы жолында орын алған. LADA Vista және Mercedes Benz көліктері соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасай отырып.

"Апат салдарынан 25 жастағы Mercedes Benz жүргізушісі мен қасындағы 44 жастағы жолаушысы жан тапсырды. 30 жастағы LADA жүргізушісі мен оның 51 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу