Қарағанды облысында жол апатынан жеті адам қаза тапты

116

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті.

Қарағанды облысында жол апатынан жеті адам қаза тапты Фото: видео скриншот

Бүгін, 15 қарашада Қарағанды облысында жол апатынан жеті адам қаза тапты. Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша рульге ие бола алмай қалып аударылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жол көлік оқиғасы 15 қараша сағат 10.00 шамасында "Алматы-Екатеринбург" тас жолында Құрма ауылына 2 шақырым жерде болды.

"Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші және оның 6 жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды. Бұған қоса 12 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген ПД хабарламасында.

Қарағанды облысының полиция департаменті өкілдері көлік жүргізушілерінен жол жүру ережесін қатаң сақтауды, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу