Алматы-Екатеринбург тас жолында Теміртау қаласына қарай бағыт алып бара жатқан 57 жастағы Audi автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша маневр жасау кезінде жол қауіпсіздігіне назар аудармай, алдында келе жатқан ВАЗ-2114 автокөлігімен соқтығысып, кейінгісі соғылу салдарынан жол жиегіндегі қоршауға соғылған.
Салдарынан ВАЗ-2114 автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі мен Audi-де болған 56 жастағы (жүргізушінің жұбайы) жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды. 57 жастағы Audi жүргізушісі және оның 9 жастағы немересі, сондай-ақ ВАЗ-2114 автокөлігінің 23 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Аталған факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.