Қарағанды облысында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, бір адам көз жұмды, тоғыз адам жарақат алды, арасында бала да бар. Бұл туралы ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтемемен Интерфакс-Қазақстан хабарлайды.
Ведомство ақпаратынша, жол апаты Қызылорда-Павлодар автожолының 982 шақырымында таңертең орын алған.
Автобуста 45 адам болған, жол апаты салдарынан көлікте қысылып қалған екі жолаушыны құтқарушылар алып шыққан.
Оқиға орнында 28 жасар жолаушы көз жұмды. Жарақат алған тоғыз адам Қарағанды ауруханасына жеткізілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу