Екатеринбург-Алматы автожолында 19 жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, 23 қаңтар сағат 10:30-да Екатеринбург-Алматы автожолының қайта жаңарту учаскесінде (Қарағанды–Балқаш, 1492-1855 шақырым) Балқаштан Қарағанды қаласына көлік қозғалысы ашылды.
Ауа райының жақсаруына және көліктердің жиналып қалуына байланысты осындай шешім қабылданған.
"Осы учаскенің 1 630 шақырымында сағат 12:30-да 19 жеңіл көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері және жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр. Атап өту керек, бұл жол-көлік оқиғасына қатысушылар колонналық қозғалысқа қатыспаған. Жол-көлік оқиғаның алдын ала себептерінің бірі – жылдамдық режимін және қауіпсіз арақашықты сақтамау", – делінген хабарламада.