Қарағанды облысындағы жол апатынан Қырғызстанның екі азаматы қаза тапты

514

Апат Шет ауданында орын алған.  

Қарағанды облысындағы жол апатынан Қырғызстанның екі азаматы қаза тапты Фото: 24.kg

Қарағанды облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан Қырғыз Республикасының екі азаматы көз жұмып, тағы біреуі ауруханаға жатқызылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Зардап шеккен 1966 жылы туған қырғызстандық азамат аудандық ауруханаға жеткізіліп, қазіргі уақытта тиісті ем қабылдап жатыр. Ал 1963 жылы туған және 1974 жылы туған азаматтар оқиға орнында қаза тапты.

Марқұмдардың туыстары қаза тапқандардың денесін елге жеткізу үшін алып кетті.

Қырғызстанның Қазақстандағы елшілігі оқиға туралы ақпарат түскен сәттен бастап зардап шеккен азаматтың туыстарымен, медициналық мекемемен және құзыретті органдарымен тұрақты байланыста болып, қажетті консульдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу