Қарағанды облысының Нұра ауданында болған жол апатынан жеті бала зардап шекті, екі жүргізуші қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Полицейлер Honda Odyssey көлігінің 58 жастағы жүргізушісін алдын ала кінәлі ретінде болжап отыр. Ол қарсы жолаққа шығып кетіп, 25 жастағы жүргізуші басқарған Фольксваген Гольф көлігімен соқтығысқан.
Жол апатына себепші болған адам бірден көз жұмды. Ал Volkswagen Golf көлігінің жас жүргізушісі ауруханада көз жұмды.
"Фольксваген Гольфтың жолаушылары – 37 және 33 жастағы ерлі-зайыптылар мен олардың балалары: 11, 8, 7, 6, 5, 3 және 2 жастағы, сондай-ақ әйелдің 19 жастағы інісі, ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.