Қарағанды өңірінде ПТР-тест тапсырғандардың дені – кеншілер

491

Облыс тұрғындарының 12-13%-ы тест тапсырған.

Қарағанды өңірінде ПТР-тест тапсырғандардың дені – кеншілер

"Қарағанды облысы коронавирус инфекциясын ПТР тестілеу бойынша алдыңғы қатарда. Бүгінгі күнге дейін 180 мыңдай адамды тестіледік. Бұл облыс тұрғындарының 12-13%-ы. Осынша жаппай тестілеудің себебі – аймақта ірі кәсіпорындардың көп болуы. Шахталарда, өндіріс орындарында инфекция ошақтарын табу үшін жаппай тестілеу жүргіземіз. Жұмысшылар вахтаға түсер кезде және вахтадан қайтар кезде скринингтен өтеді. Соның арқасында өте көп симптомсыз науқастар анықталды. Егер олар осы кәсіпорындарда жұмыс істемесе, мүмкін ауырғандарын білмес те еді", – деді өңір әкімі Жеңіс Қасымбек журналистермен өткен онлайн кездесуде.

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу