Қарағанды орталығы мүгедектігі бар адамдарды қазақ тілінің тегін курстарына шақырады

454

Өтініштер 1 қыркүйекке дейін қабылданады. 

Қарағанды орталығы мүгедектігі бар адамдарды қазақ тілінің тегін курстарына шақырады Фото: inbusiness.kz

Қарағанды қаласының Ten Qogam мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы "Шырақ" тіл орталығымен бірлесіп мемлекеттік тілді үйренуге арналған топтардың екінші легі жинақталатыны туралы хабарлайды.

Екі топ қабылданады – бастаушы және жалғастырушы. Курс 1,5–2 айға созылады. Сабақтарды кәсіби оқытушылар жүргізеді.

Курс аяқталғаннан кейін сертификат беріледі.

Қосымша ақпарат: (8-7212) 36-14-74, +7-777-540-44-94.

Ten Qogam мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығының мекенжайы: Тәттімбет көшесі, 709, 5-кеңсе.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу