Қарағанды шахтасындағы апат: Қаза болған кеншілер жерленді

611

Қаза тапқан кеншілерді жерлеу рәсімі 3 күнге созылады.  

Қарағанды шахтасындағы апат: Қаза болған кеншілер жерленді Фото: Qaz365.kz

Қарағандыда Костенко атындағы шахтада болған жарылыс кезінде қаза тапқан 14 кенші жерленді, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, жерлеу рәсімі үш күнге созылып, қаза тапқан кеншілер жер қойнына тапсырылады.

"Жерлеу рәсімі Қарағандыда ғана емес, оның маңайында орналасқан елдімекендерде де өтті. Қаза тапқан кеншілердің көбі бұрын аймақтағы басқа шахталарда жұмыс істеп, кейіннен Костенко шахтасына ауыстырылған. Олар Абай, Шахтинск, Сұрыптауда тұрды. Қаза тапқандардың кейбірі өздерінің туған жерінде жерленді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, осыған дейін Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан соңғы кеншінің денесі табылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу