Ақпаратқа сәйкес, оқиға сейсенбі күні сағат 11.45 шамасында болған. "Бүркіт" кафесінің маңында "Тойота Эстима" және "Опель" көліктері соқтығысқан. Апат салдарынан 27 жастағы "Опель" көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. "Тойота Эстима" көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушылары, сонымен қатар "Опельде" отырған жолаушы ауруханаға жеткізілді.
"Аталмыш дерек полицияда тіркелді және тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.