Қарағандыда 2 бала өрттен қаза тапты

224

Тағы екі бала үйден өздігінен шығып үлгерген. 

Қарағандыда 2 бала өрттен қаза тапты Фото: ТЖМ

Қарағандыда өрт кезінде екі бала қаза тапты. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ресми ақпаратқа сәйкес, түнде қаладағы Пришахтинская көшесінде орналасқан екі пәтерлі тұрғын үйден өрт шыққан. Шатыр, төбе және үй ішіндегі заттар өртке оранған. 2 және 4 жасар екі бала қаза тапты. 

"ТЖМ күштерімен өрт 50 ш.м. алаңда толығымен жойылды. Құтқарушылар келгенге дейін 2017 және 2015 жылы туған екі бала өз бетінше шығып үлгерген. Олар ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер 60 жастағы әйелді құтқарды, ол ауруханаға жатқызылды. 

Өрттің алдын-ала себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы делінген. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу