Кәріз құдығына құлағандардың бірі көз жұмғаны бұған дейін хабарланған болатын. Ал өзге екі адам жансақтау бөліміне жатқызылып еді.
Еске сала кетсек, оқыс оқиға бүгін түнде болған. Қарағанды қаласының ТЖ қызметіне тұрғын үйдің жанындағы кәріз стансасының құдығына ер адам құлап кеткені туралы хабарланған. Белгілі болғандай, 59 жастағы қарағандылық кәріз құдығын тазаламақ болып, төменге түскен. Сол кезде тереңдігі 6 метр жерге құлап кеткен. Оны құтқармақ болып соңынан ұлы мен көршісі түскен. Дегенмен, олар ер адамға өз күштерімен көмек көрсете алмаған. Құтқару қызметі шақырылыпты. Екі адам аман-есен шығарылып, жергілікті ауруханаға жатқызылған болатын. Өкінішке қарай, дәрігерлер оларды аман алып қала алмады.