Қарағанды қаласында үш көлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 5 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 сәуірге қараған түні Голубые пруды кентінде Cobalt, BMW және Priora маркалы автокөліктер жол апатына ұшыраған. Салдарынан бес адам зардап шегіп, медициналық мекемеге жеткізілді. Әзірге олардың жағдайы туралы нақты мәлімет жоқ.
– Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды ескертеді. Жолда қырағы және мұқият болыңыз, – деді ведомствоның баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу