Қарағандыда 45 жастағы ер адамды автобус қағып кетті

316

Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Қарағандыда 45 жастағы ер адамды автобус қағып кетті Фото: ekaraganda.kz

Қарағандыда 45 жастағы ер адамды қоғамдық көлік қағып кетті, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

Оқиға "Шығыс" базары аумағында болған. 

"2 қараша күні сағат 10.50-де Бұқар жырау даңғылында 39 жастағы автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан 45 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Жол апаты кезінде автобус салонында 15 жолаушы болған. Ешкім зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу