Қарағандыда 5 ай бойы ыстық су болмайды

1144

Қарағандыда 5 ай бойы ыстық су болмайды

Қарағандыда 5 ай бойы ыстық су болмайды.  Бүгіннен бастап біртіндеп тоқтатылып жатыр. Бұл туралы "Теплотранзит Қарағанды" серіктестігінің басшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды astanatv.kz.  
Серіктестік басшыларының айтуларынша, бұл өзгеріс жөндеу жұмыстарына байланысты екен. Шаһарда сытық су құбырларының 70 пайызының тозығы жеткен.
"10 шақырым құбыр жөнделеді. Бізде жылу мен ыстық су құбыры бір болғандықтан, жөндеу кезінде 3-інші жылу қазандығынан ыстық су беретін мүмкіндік жоқ. Мұнан бөлек, 260 шақырымнан астам жылу магистралінің жағдайын тексеру үшін түрлі сынақтар өткізіледі. Жылу жүйесіндегі ақаулар анықталмақ. Жөндеу жұмыстарына облыстық және республикалық бюджеттен 8 жарым млрд теңге бөлінген. Күзден бері жылу жүйесінен 418 ақау шығып, коммуналшылар оларды жыл бойы жөндеп шыққан", - дейді "Теплотранзит Қарағанды" ЖШС бас директоры Серік Балқышев.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу