Қарағандыда 8 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды

136

Қарағанды облысының прокуратурасы денсаулық жағдайы жол қозғалысына қауіпсіз қатысуға кедергі келтіретін жүргізушілердің көлік жүргізу құқығын тоқтатуға қатысты заңнаманың сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қарағандыда 8 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды Фото: gov.kz

– Прокурорлардың талап-арыздары бойынша бүгінгі күні 8 жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды, – делінген прокуратураның хабарламасында.

Тағы 36 талап-арыз сотта қаралып жатыр.

Сонымен қатар прокурорлар полиция органдарының атына 11 талап-арыз енгізді, заң бұзушылықтарды жою аясында 350 жүргізушіге қатысты талап-арыздар қаралып жатыр.

Аталған шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, барлық жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіптерді азайтуға бағытталған.

Бұл жұмыс жалғасын табады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу