Қарағандыда адам қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

768

Қарағандыда жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Қарағандыда адам қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Оқиға 9 сәуір күні сағат 22.00 шамасында орын алған. Полиция қызметкерлері оқиға орынына барған кезде көлік қаққан 44 жастағы жаяу жүргіншінің көз жұмғанын тіркеген, ал жүргізуші қашып кеткен.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында “ізін суытпай” жол-көлік оқиғасын жасаған 20 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Күдіктінің көлік жүргізу куәлігінің жоқ екені анықталды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-бабы (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу