Қарағандыда автобус жүргізушісі екі адамды қағып кетті

583

Жол-көлік оқиғасы 9 ақпан күні, сағат 21.30-да Магнитогорская көшесінде орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қарағандыда автобус жүргізушісі екі адамды қағып кетті Фото: бейнеден

66 жастағы "Mercedes" маркалы автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан ер мен әйелді қағып кетті. 

Жаяу жүргіншілердің екеуі де жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.


"Бұл факт полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды.  Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деп хабарлайды полиция.


Соңғы уақытта Қарағандыда жаяу жүргіншілерді  соғып кету фактісі жиілеген. Естеріңізге сала кетейік, осы оқиғадан бір күн бұрын Магнитогорская көшесінде жаяу жүргіншілер жолында 71 жастағы зейнеткер де осындай оқиғаға тап болған болатын. Ал, 6 ақпанда 12 жасар оқушы қайтыс болған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу