Қарағандыда бір тәулікте 22 жол апаты болды

870

Қарағанды қаласында орын алған жол көлік оқиғасы салдарынан 3 адам жарақат алса, Алматы – Екатеринбург күре жолындағы апаттан бір адам көз жұмды.

Қарағандыда бір тәулікте 22 жол апаты болды

23 наурыз күні Қарағанды қаласында ауа райының қолайсыздығынан 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Теміртау қаласының аумағынан өтетін республикалық маңызы бар "Алматы – Екатеринбург" тас жолында 31 жастағы Hyundai автокөлігінің жүргізушісі 33 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасынан кейін аталған автокөлік 37 жастағы азаматтың басқаруындағы Renault автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орынында қаза тауып, Hyundai автокөлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. 

"Аталған факті бойынша Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық Полиция бөлімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабы 3 тармағына сәйкес тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде", – деп мәлімдеді Полиция Департаментінің баспасөз қызметі. 

Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерден сақтық шараларын қатаң ұстанып, ауа райы күрт өзгерген жағдайда алыс сапарларға шықпауларын ескертеді.

Мұндай қолайсыз ауа райында төтенше жағдайлар қызметі мамандарының да жұмысы қауырт. Құтқарушылар Қарағанды облысында бір тәулік ішінде қар құрсауында қалған 68 адамды құтқарып, 114 адамды эвакуциялады.

Арайлым Еркебаева 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу