Қарағандыдадағы жантүршігерлік апатқа белгілі кәсіпкер кінәлі деп танылды

1332

Қарағанды ​​облысы ІІД тергеу басқармасының бастығы Азамат Ахметов бұл іс полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында екенін айтты.

Қарағандыдадағы жантүршігерлік апатқа белгілі кәсіпкер кінәлі деп танылды Фото: видеодан алынған кадр

Қарағандыда болған жантүршігерлік жол апатына белгілі кәсіпкер Сергей Камаев кінәлі деп танылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәліметке сәйкес, адам өліміне себепкер болған Lexus жүргізушісі Қазақстандағы белгілі кәсіпкер Сергей Камаев болып шықты. Ол өзі машина жасау саласында қызмет етеді.

Lexus жүргізушісі өз жолағында жоғары жылдамдықпен келе жатып, алдыңғы көліктің артқы бамперіне соғылған. Лексустың жылдамдығы жоғары болған. Оның жылдамдығы көлік ағынының жылдамдығына сәйкес келмей, адам өліміне әкелетін жаппай апат болды.

Камаев Қазақстандағы машина жасау саласының дамуы туралы бірнеше рет БАҚ өкілдеріне сұхбат берген. Түрлі конгрестер мен дөңгелек үстелдерге қатысқан. Сондай-ақ "Атамекен" АЭС-інің мүшесі.

Мәліметтерге сәйкес, марқұм "Nissan" көлігінің жүргізушісі 1984 жылы туған Алдаңғаров. Ал жолаушысы, жүкті әйел Алдаңғарова қазір ауруханада жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу