Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Шахтинск қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы М.С. Әлиевке және "Байтас ХХI" ЖШС басшылары А.Д. Цой мен Д.П. Ханға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлім етті.
"Цой мен Хан шамамен 232 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша күдікке ілінген. Олар бюджет қаражатын қолды қылу ісі бойынша бұрын тіркелген қылмыстық істі тоқтату үшін Бас Прокуратураның лауазымды тұлғаларына 40 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру үшін бір топ тұлғаны арандатпақ болғаны үшін күдікке ілінген. Осы жылдың 18 наурызында Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының үкімімен Әлиев 10 жылға, Цой мен Хан 8 жылға бас бостандығынан айырылды", – деп айтып өтті Данияр Биғайдаров.
Нұржан Көшкін