Қарағандыда екі автобус соғылған жол апатына қатысты іс сотқа кетті

652

Қарағандыда  өткен жылдың қарашасында болған жол апатынан екі адам қайтыс болған.

Қарағандыда екі автобус соғылған жол апатына қатысты іс сотқа кетті Фото: inbusiness.kz

Жол апатынан жаншылып қалған автобустардың жантүршігерлік бейнежазбасы желіде тарап көпшіліктің жағасын ұстатқан, деп хабарлайды inbusiness.kz.

146 - шы  бағыттағы жолаушылар автобусын басқарған 32 жастағы көлік жүргізушісі Баженова көшесіне бара жатқанда , көпір үстінде қарсы келе жатқан 41 -ші автобусқа соғылып қалған. 146 - шы автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдың қарсы бетіне шығып кеткен болатын. 

Аталған жол көлік оқиғасына қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді. 

“Жол апаты салдарынан  Yuntong  яғни 41 - ші автобустың жүргізушісі мен Мерседес - Бенц автобусының жолаушысы қайтыс болды. Алған соққының салдарынан 5 адамның  денсаулығына қатты зақым келген, ал он адамның денсаулығына орташа деңгейде зиян келген.

Қазіргі уақытта жол апатына  кінәлі адамға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып іс сотқа жіберілді”, деп хабарлады Полиция Департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин. 

Ерлан Файзуллин көлік жүргізушілеріне жолда  жүру барысында  жауапкершілікпен қарап,  сақтық шараларын ұстануға шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу