30 мамырда Қарағандыда "Ютонг" маршруттық автобусының 54 жастағы жүргізушісі алдындағы көлікпен арақашықтықты сақтамай, "Мерседес" автобусымен соқтығысты, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
"51 жастағы "Мерседес" автобусының жүргізушісі жаяу жүргіншіге арналған жолақтың алдына тоқтаған. Соққы кезіндегі инерцияның салдарынан автобус жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қаққан. Оқиға салдарынан жаяу жүргінші, "Ютонг" автобусының екі жолаушысы, "Мерседес" автобусының бір жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу