Бұл апаттар санын азайтуға мүмкіндік берді. Биыл инвестициялық бағдарлама бойынша қайта жаңарту жұмыстары жалғасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мақсаты – коммуникациялардың тозуын азайту және қызметтердің сенімділігі мен сапасын қамтамасыз ету.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың тапсырмасы бойынша монополистер "Инвестиция орнына тариф" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша есеп береді. Жаңа тарифтер мен инвестициялық бағдарлама туралы "Қарағанды Су" компаниясында айтылды.
Су құбыры желілерінің ұзындығы – 1200 км, ал олардың тозуы – 59%. Қала бойынша 20 жыл бұрын төселген 400 шақырымға жуық құбыр бар. 40-50 жыл бұрын салынған желілер де бар.
Кәріз жүйесінде де өзекті проблема бар. Желілердің тозуы – 82%. 737 км құбырлардың 500 км-ден астамы 30-50 жыл бұрып, кейбірі тіпті одан да ерте салынған.
Кәсіпорында 1700-ге жуық адам еңбек етеді.
1 ақпаннан бастап сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне жаңа тарифтер күшіне енді. Өзгерістер Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің бұйрықтарымен бекітілді.
"Қарағанды Су" ЖШС бас директоры Ербол Төлеуов тарифтердің көтерілуіне әсер еткен үш факторды атады. Бұл 2025 жылға арналған қаражаттың ұлғаюымен, қызметкерлер жалақысының өсуімен, стратегиялық тауарлардың: су және электр энергиясының қымбаттауымен "Инвестициялар орнына тариф" бағдарламасын іске асырудың жалғасы.
– Биыл бекітілген инвестициялық бағдарлама бойынша 40 су құбыры желісін қайта құру жоспарланған. Қосымша инвестициялық бағдарлама бар - тағы бес нысан. Сәйкесінше, 45 көшеде жалпы ұзындығы 30 км болатын су құбыры желілерін ауыстырамыз. Сондай-ақ 18,5 км кәріз желісін ауыстыру жоспарланып отыр. Инвестициялардың жалпы сомасы 6,1 млрд теңгені құрайды, – деп хабарлады Ербол Төлеуов.
Оның айтуынша, компания 20-дан астам жаңа техника сатып алған, бұл апатты тез арада жоюға мүмкіндік береді.