Апат 9 мамыр күні болды, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.
"9 мамыр күні сағат 23.48-де Infiniti маркалы көліктің 32 жастағы жүргізушісі Ерубаев көшесінде келе жатып жылдамдық режимін сақтамай, ағашқа соғылды. Автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 1-бөлігінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Ресурстың жазуынша, апат кезінде ешкім зардап шекпеген. Көлік құралына механикалық зақым келді.
Тәртіп сақшылары барлық материалды сотқа жолдады. Аталған бұзушылық үшін жүргізуші 25 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалауы немесе алты ай мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу