Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылған.
Ведомствоға сағат 17:53 шамасында Гүлдер-1 ықшамаудандағы 9-қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. 8-қабаттағы пәтерде тұрмыстық заттар мен жиһаздар өртенген. Өрт ауданы 6 шаршы метрді құрады.
Өрт сағат 18:26-да сөндірілгені белгілі болды.
"Өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарын қолданып 10 адамды құтқарды, оның 3-і балалар, 12 адамды эвакуациялады, оның екеуі – балалар. Өртенген пәтердің екі тұрғыны қосымша тексеру үшін ауруханаға жеткізілді", - делінген министрліктің хабарламасында.
Өрт орнына жеке құрамның 30 адамы мен 8 бірлік жедел әрекет ету техникасы жұмылдырылды.