Қарағандыда полицей көлігімен жас жігітті қағып кетті
01 Қазан 2018 18:23 1037

Жол апаты 30 қыркүйекте түнде болды. Шахтинск тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды sputniknews.kz.
ІІМ Қарағанды облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы батальонының полицейі, сержант BMW маркалы жеке көлігімен Шахтинск тұрғынын қағып кеткен. Оқиға 30 қыркүйекте түнде Шахтинсктен сегіз шақырым қашықтықта болды.
25 жастағы жігіт алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.