Қарағандыда полиция басқармасы бастығының орынбасары жол апатынан қаза тапты

494

Қайғылы жағдай жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Қарқаралы ауданы маңында орын алған.  

Қарағандыда полиция басқармасы бастығының орынбасары жол апатынан қаза тапты Фото: Қарағанды облыстық полиция департаменті

Қарағанды қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бекжан Төлеуұлы Құсайынов жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмды. Қаза тапқан сәтте ол еңбек демалысында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

53 жастағы Бекжан Құсайынов құқық қорғау саласында 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп, бар ғұмырын Отанға қызмет етуге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқық тәртібін сақтауға арнады. Ол еңбек жолын 1992 жылы Қарқаралы аудандық ішкі істер бөлімінде патрульдік-бекеттік қызметтің милиционері ретінде бастаған.

Кәсіби шеберлігі мен табандылығының арқасында қызметтік сатының барлық кезеңдерінен өтіп, Қарағанды қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметіне дейін көтерілді. Әріптестері оның жоғары кәсіби деңгейін, жауапкершілігін, талапшылдығын, адамгершілігін және адамдарға деген сыйластығын ерекше атап өтті.

Қарағанды облысы полиция департаменті мен ішкі істер органдарының ардагерлер кеңесі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу