Сотта жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған Нұрболат Дакебаев оны іздеп жатқанын білмегенін айтқаны өтірік болып шықты. Естеріңізге сала кетейік, полиция оны 5 күннен кейін алыс қыстақтардың бірінен тапқан болатын. Төбелестен кейін бірден ол үйіне емес, досына барып, түнеген.
"Сол күні ол маған келіп, түнеріп отырды. Тіпті шай ішпеді. Мен оған ұсынған едім. Ол ойланып отырды. Мен оны жалғыз қалдырдым. Үйге ұйықтауға кетті . Ол менімен бірінші рет түнеді. Мен көп сұрақ қоймадым оған", - деді сотталушының досы Роман Деев.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға 27 қаңтарға қараған түні болған. Жедел жәрдем көлігі нәресте ауырып жатқан соң келген. Қарағандыдағы көпқабатты үйлердің аулалары көліктермен көмкеріліп, жол жүру мұз қабаттарымен қиындатылды. Ал, қолында тумбочкасы бар өтіп бара жатқан адамға жедел жәрдем көлігінің тұрағы ұнамады.
Қайтар жолда ол өзінің ашуын жүргізушіге төгуге шешім қабылдады. Жанжал төбелеспен аяқталды. Төреғали Берікқалиұлының мұрын және бірнеше қабырғасы сынған. Зардап шеккен жүргізуші қылмыскерді кешіруге дайын екенін айтты. Бірақ, қазір ойын өзгертіп отыр. Ол қазір мұрынына екінші рет ота жасағаннан кейін ауруханада жатыр. Төреғали 5 млн теңге шығын мен моральдық зиянды өтеуді талап етті.
"Сотталушының ұстанымына сүйене отырып, ол тек айыпты ішінара мойындайтынын айтты. Бұл не туралы екенін түсінесіз бе? Яғни, адам тіпті азаматтық талап туралы емес, ақша туралы емес, айыптау туралы айтып отыр. Ол ішінара мойындайды. Не туралы айтуға болады? Қандай ақша туралы? Төреғали өзінің материалдық шығыны үшін соңына дейін күреседі. егер апельсиннен басқа оған ештеңе әкелмесе, қандай медиация туралы айтуға болатынын білмеймін", - деді Қарағанды адвокаттар алқасының адвокаты Бағдат Хасенов.
Жәбірленуші тарап бапты бұзақылықтан орташа ауырлықтағы денсаулыққа қасақана зиян келтіруге қайта қарауды талап етеді немесе сотталушыға осы екі бапты да айыптауды сұрайды.