Қарағандыда тағы да терезеден бала құлады

254

Ол 2021 жылғы қыз бала екендігі белгілі. 

Қарағандыда тағы да терезеден бала құлады Фото: korolev.msr.mosreg.ru

Бес қабатты үйдің үшінші қабатынан ересектердің қарауынсыз қалған бүлдіршін құлады. Қазіргі таңда бала орташа дәрежеде ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Оқиға өткен демалыс күндері, 13 сәуірде орын алды. Құлағаның салдарынан ол түрлі жарақаттар алған.

"Қарағандыда, Ә. Бөкейханов атындағы ауданда, Мәметова көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалып, үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, 2021 жылы туған пәтер иесінің қызы полижарақатпен ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа", деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Теміртауда да осындай жағдай орын алған. Онда қараусыз қалған үш жасар бала бірінші қабаттың терезесінен құлап түсті. Орташа дәрежеде ауруханаға жатқызылған болатын.

Статистикаға сүйенсек, Қарағанды облысы аумағында 2023 жылы 25 терезеден құлау фактісі тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу