Қарағандыда тағы да жолаушыны көлік қақты

340

Зардап шеккен 62 жасар әйел. 

Қарағандыда тағы да жолаушыны көлік қақты Фото: бейнеден скриншот

Соңғы бірер аптада Қарағанды жолдарындағы сорақылық азаймай тұр.

Жол бойындағы бақытсыздықтың бірін ұмытып болмай жатып, екіншісі орын алуда. Бәрінде жолаушыны қағу оқиғасы. Кеше 14 ақпан күні кешкілік сағат 17:10-да Жауынгер-интернационалистер көшесінде, нақты айтқанда цирк маңында 62 жасар әйел адамды көлік қақты. 

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі жетіп, зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Жағдай полиция департаментінде тіркеліп, арнайы сараптамалар тағайындалды. Осыған дейін 12 жасар жеткіншек Михайлов ауданында жаяу жүргіншілер жолында жүйткіген көлік астына түсіп, ажал құшса, одан кейінгі оқиға Майқұдықта орын алды.

Ол оқиғада екі адам зардап шеккен болатын. Енді міне қала ортасында да жаяу жүргінші жолағында бақытсыздық тіркелді. Бір өкіндірері - жаяу жүргіншіге қара жолды құштырған бұл оқиғалардың бәрі жүргізуші жауапсыздығынан орын алып жатқаны.

Қалада жол-көлік оқиғасы азаймай ,жұртты алаңдатып отыр. Ол аздай бүгін Майқұдықтағы Карл Маркс көшесіндегі бағдаршам істен шыққан. Ал, сол маңға №35 мектеп, бірнеше балабақша жақын орналасқандықтан,тағыда бала өміріне басты қауіп жолдан болып тұрғаны анық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу