Бесінші қабаттағы пәтерде жиһаз бен тұрмыстық заттар өртенген, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
"Өрт сөндірушілер сегіз адамды (оның бесеуі – бала) құтқару үшін арнайы құрылғыларды пайдаланды. 15 адам баспалдақ арқылы эвакуацияланды", – деп хабарлады өңірдегі құтқарушылар.
1997 жылы туған ер адам жанған заттардың кесірінен түтінге уланып қайтыс болды.
Жалын 5 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрттің себебі анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу