Қарағандыда үздік ұстаздарға облыс әкімінің сыйлығы тапсырылды

1537

Әкім сыйлығы мен дипломдарын 13 педагог алды. 

Қарағандыда үздік ұстаздарға облыс әкімінің сыйлығы тапсырылды

Кәсіби мереке қарсаңында ұстаздарға Қарағанды облысы әкімінің сыйлығы табыс етілді. Педагогтарды 14 номинация бойынша марапаттады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Әкім сыйлығы мен дипломдарын 13 педагог алды. Тоғыз ұстазға "Қалдырған ізі мәңгілік" меценаттарынан 500 мың теңге көлемінде арнайы сыйлықтар табыс етілді. Білім беруді дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін педагогика саласының еңбек ардагері Күліш Төлеуханова миллион теңге сыйақы алды.

Салтанатты рәсімді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ашты.

"Мен мектеп мұғалімдерін үлкен ризашылықпен еске аламын, тіпті қазір де осы сахнада мен өзімді тақтаның жанында тұрған оқушы ретінде сезінемін. Бүгін Мемлекет басшысы адамдарға инвестиция салу, білім беруге және балаларымыздың болашағына инвестиция салу қажеттігін айтады. Бұл, қазіргі уақытта мемлекет үшін ең маңызды актив", – деді ол.

Аймақ басшысы облыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тамыз конференциясында айтылған тапсырмаларын жүзеге асыруға кіріскенін атап өтті. Бұл тізімде-педагогтердің жалақысын арттыру, есеп беруді төмендету, мұғалімдерді бөгде іс-шараларға тартуға тыйым салу және т.б жаңашылдықтар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу