Қарағанды қаласында жүк көлігі мен жеңіл автомобиль соқтығысып қалды, деп жазады inbusiness.kz Қарағанды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, оқиға 10 қазан сағат 17:10-да болған.
"Toyota-центр ауданында Shacman жүк көлігі мен Hyundai жеңіл көлігі соқтығысты. Бұл дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Hyundai көлігінің 31 жасар жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу