Қарағандыдағы ферроқорытпа зауыты 4 мың тонна өнімін экспорттады

1211

Кәсіпорын ферросилициді Жапонияға, Европа елдеріне, Түркияға жөнелткен.  

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауыты 4 мың тонна өнімін экспорттады Фото: primeminister.kz

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауыты өнімін эспорттай бастады. 3 ай бұрын ашылған өндіріс өнімнің бірнеше партиясын шетелге экспорттаған, деп хабарлайды astanatv.kz.

Қарағанды ферроқорытпа зауытының өнімін қазір жапондықтар алып жатыр. Кәсіпорын  4 мың тоннаға жуық ферросилициді Жапонияға, Европа елдеріне, Түркияға жөнелткен.

"Барлық өнім 100 пайыз экспортталады. Ресей мен Еуропа елдеріне сатуды жоспарлап отырмыз. Ал келесі жылы 4- пеш істесе, осы саладағы әлемнің үздік бестігіне ілігеміз",– дейді "YDD CORPORATION" ЖШС құрылтайшысы Ерлан Нығматулин.

Зауыт экологиялық таза. Мәселен, ондағы газды тазарту жүйесі өндірістік шаңды 99,8 пайызға дейін қайта өңдейді. Сөйтіп қалдық цемент, бетон өндірісінде қолданылатын затқа айналады. Қоспа көлік жолдарының сапасын арттыруға пайдаланылады. Ол отандық компанияларға сатылады. Жаңа жобаның құны 36 млрд теңгеден асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу