Қарағанды –Теміртау жолында орын алған жол апатынан құрбан болғандар саны жетіге жетті, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ведомствоның берген ақпаратына сүйенсек, жол апатынан жарақат алған 1981 жылы туған әйел Мақажанов атындағы клиникаға ауыр халде жеткізілген. Дәрігерлер оның ауыр бас-ми жарақатын алғанын, құтқарып қалу мүмкін болмағанын айтады.
Қазір сол апаттан зақым алған тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр.
Еске сала кетсек, өткен сенбі күні Қарағанды – Теміртау тас жолында екі жеңіл автокөлік соқтығысып, алты адам қаза болған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу