Қарағандыдан 12 мың текше метрден астам қар шығарылды

479

Коммуналдық қызметтер 2 ауысымда жұмыс істеп жатыр. 

Қарағандыдан 12 мың текше метрден астам қар шығарылды

Қарағанды көшелері мен жолдарын қардан тазартуға 168 жол жұмысшысы мен 165 арнайы техника жұмылдырылған. Бұл туралы шаһар әкімінің м.а. Мейрам Қожықов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz eKaraganda порталына сілтеме жасап.

Екі аудан бойынша 10-ға жуық мердігер ұйым жұмыс істеп жатыр.

Ақпаратқа сәйкес, негізгі магистральдарды тазартудан басқа, аялдама павильондарын, тротуарларды қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде. 

Соңғы тәулікте қала аумағынан 12 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Айта кетейік, осыған дейін өткен тәулікте Астанадан 50 мың текше метрден астам қар шығарылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу