Қарағандыдан қойнауы қазынаға толы ірі кен орны табылды

Ол жерде сирек кездесетін металдардың 17 түрі бар болып шықты.

Қарағандыдан қойнауы қазынаға толы ірі кен орны табылды Фото: pexel

Мұндай сүйінші жаңалықты Премьер-министр Олжас Бектенов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сирек кездесетін металлдарды өндіру мен өңдеу ісіне басымдық беруді міндеттегенін жазған едік.

Онда Мемлекет басшысы аталған салаға инвестиция мен озық технологияларды тартуды тездетуді тапсырған. Яғни, шетелдік инвесторлар мен отандық бизнесмендерге бірдей басымдық берілуі керек. 

"Жер қойнауын пайдалану саласындағы реформа еш кедергіге қарамастан жалғасуы тиіс" деген Президент елдегі сирек кездесетін металл, соның ішінде әлемде сұраныс артып келе жатқан литийді өндіру мен өңдеу әлеуетіне тоқталып өткен-ді. 

Ал Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдің орталығында ірі кен орны табылғанын сүйіншіледі. 

– Қарағанды облысында жерде сирек кездесетін металдардың 17 түрі бар ірі кен орны табылды.

Сонымен қатар, осы Қарағанды облысында электромобильдерге арналған батареялар өндірісінде қолданылатын графит концентратын өндіру бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр, – деген еді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу