Қарағандылық әскери қызметшілер Солтүстік Қазақстан облысына көмекке аттанды

211

Бескөл ауылында Қарағандылық құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға, сондай-ақ мүлік пен малды қауіпсіз жерге тасымалдауға көмектесуде. 

Қарағандылық әскери қызметшілер Солтүстік Қазақстан облысына көмекке аттанды Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Петропавлға "Астана" өңірлік қолбасшылығының 31775 әскери бөлімінің жеке құрамынан 14 бірлік әскери техника мен 305 адамнан тұратын колонна шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

"Біз облысымыздың Нұра және Шет аудандарында су тасқынының алдын алу бойынша жемісті жұмыс жасадық. Табиғи апат Қарағанды айналып өтті. Қазір біздің көмегіміз Петропавл тұрғындарына қажет. Еліміздің күші – халық бірлігінде!" – деп атап өтті 31775 әскери бөлімінің мерзімді қызметінің қатардағы әскери қызметшісі Әділ Хамзин.

Солтүстік Қазақстан облысында Қарағандылық құтқарушылар да жұмыс істеуде.

"Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдарын топтастыру СҚО Тепличный ауылында орналасқан. Құтқарушылар инертті материалы бар қап жинайды және төсеп жатыр. Жұмыстарға жеке құрамның 115 адамы, 13 бірлік техника, 27 мотопомпалар және 6 жүзу құралдары жұмылдырылды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу