Қарағандылық құтқарушылар тауда жарақат алған ер адамды құтқарды

501

Қарқаралы тауынан құтқарушылар аяғын жарақаттап, өздігінен қозғала алмаған ер адамды эвакуациялады. 

Қарағандылық құтқарушылар тауда жарақат алған ер адамды құтқарды

Қарқаралыдан 20 тамыз күні 112 пультіне тауға шыққан кезде күйеуі аяғынан қатты жарақат алғаны туралы әйел адам хабарлаған. 

Ер адамға тезірек көмек көрсету үшін құтқарушылардың бірінші тобы автокөлікпен шықты. Орта жолға жеткенде әрі қарай таулы аймақ болғандықтан көлікпен жүру мүмкін болмады. Осыдан кейін құтқарушылар тауда қалған ер адамға жаяу жүріп барған. Құтқарушылар тау ішінде жарақат алып құлаған ер адамды тауып алды. Ол Қарағанды қаласының 37 жастағы тұрғыны болып шықты. Жарақат алушы теңіз деңгейінен 150 м биіктікте болды.

Құтқарушылардың айтуынша, ер адамды эвакуациялау оның  аяғын сындырып алуына байланысты қиынға соққан көрінеді. Зардап шегушіге алғашқы көмек көрсеткен Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері зембілмен оны таудан түсірді. Содан кейін Қарқаралы аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазір зардап шеккен қарағандылықтың жағдайы тұрақты ауруханада ем алып жатыр.

Арайлым Еркебаева 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу