"Қарапайым заттар экономикасы" аясында көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру басталды

1058

Корпорация аталған бағдарлама бойынша көктемгі егістік жұмыстарын қаржыландырады. 

"Қарапайым заттар экономикасы" аясында көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру басталды

Президент Қ.Тоқаевтың  тапсырмасына сәйкес ҚР Ұлттық  Банкі "ҚазАгро" ҰБХ еншілес ұйымы  "Аграрлық несиелеу корпорациясы" АҚ (АНК) және ЕДБ қорландыру үшін "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының аясында егістік компаниясын жүргізуге қосымша 100 млрд. теңге бөлді.

Негізгі мақсаты – айналыстағы  қаражатты толықтыру. Бүгінгі таңда субсидиялауды есепке ала отырып 6% жылдық мөлшерлемемен 1,3 млрд. теңге көлемінде несие берілді.

Қарапайым Заттар Экономикасы бағдарламасындағы өзгерістер түрлі ауылшаруашылық өсімдіктерді егетін фермерлерге қаржы алуға мүмкіндіктерді ұлғайтты. Енді шаруалар егіс жұмыстарын жүргізуге айналыс қаражатын 12 айға дейін толықтыра алады. Бұл ретте негізгі борышты қарыз мерзімінің соңында өтеуге болатынын айта кеткен жөн.

Қаржыландыру және шешім қабылдауға өтінімдерді қарастыру мерзімі 30 күнтізбелік  күннен 10 жұмыс күніне дейін қысқартылған. Сондай-ақ несиелеу процесін оңтайландыру және қаржыландыру процесін ықшамдау шеңберінде қарыз алушылар ұсынатын құжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін 27-ден 13-ке, шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерге 16-дан 12 құжатқа қысқартылды. Өңірдегі филиалдар дербес шешім қабылдау үшін лимиттер 200 млн теңгеге дейін ұлғайтылды және несие комитеттерінің қашықтан отырыс жүргізу, ЭЦҚ арқылы құжаттар мен төлем құжаттарына қол қою практикасы да енгізілді.

Шалғайдағы елді-мекендердегі шаруаларды жеңілдетілген несиеге қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, көктемгі науқандық жұмысты жүргізуге Қарапайым заттар экономикасы аясында соңғы қарыз алушыларды қаржыландыратын Несиелік серіктестіктерді қорландыру құралы пайдаланылады. Осы уақытта бұл ұйымдар 144,1 млн. теңгені үлестірді.

Қабылданған шаралар көктемгі егістік жұмыстармен айналысатын фермерлерді несиелеу талаптарын жақсарта отырып, оларды  едәуір қолдауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу