Қарасайда су құбыры жарылып, жол опырылды

299

Алматы облысының Қарасай ауданында су құбырының жарылуынан жолдың асфальт төсемі зақымданып, көлік қозғалысы уақытша шектелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қарасайда су құбыры жарылып, жол опырылды Фото: бейнежазбадан

Оқиға 25 тамызда таңғы сағат 04:00 шамасында Қайрат ауылындағы Қызылжар көшесінің жоғарғы Қаскелең тасжолына бұрылатын тұсында болған.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, құбырдың жарылуы салдарынан жол төсемі опырылып кеткен. Осыған байланысты Қызылжар көшесінде қозғалыс уақытша тоқтатылды.

"Қаскелең республикалық автожолында қозғалысқа шектеу қойылған жоқ. Көлік қатынасы Жандосов ауылы бағытында жүзеге асырылып жатыр", – деп хабарлады әкімдік.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары сағат 09:00-де басталған. Оқиға орнына екі арнайы техника мен төрт жұмысшы тартылды. Аудан әкімдігі жолдағы жағдайдың бақылауда екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу