"12 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Қарашығанақ кен орнында жоспарлы күрделі жөндеу жүргізу үшін мұнай өндіруді тоқтату жоспарланып отыр", – делінген ведомствоның хабарламасында.
Айта кету керек, еліміздің батысында орналасқан Қарашығанақ кеніші 1979 жылы ашылған. Қазақстандағы ғана емес, әлемдегі ірі мұнай кен орын орындарының бірі.
22 тамызда Каспий құбыр консорциумы ЖАҚ-1 және ЖАҚ-2 пайдалануды уақытша тоқтатқан болатын. Осыған дейін КҚК аталған екі жылжымалы айлақ құрылғысын қалпына келтіру үшін мердігер іздестіріп жатқанын жазған болатынбыз.